Джадраева Айгерим Абдрахмановна

Тегі, аты, әкесінің аты: Джадраева Айгерим Абдрахмановна
Лауазымы, жұмыс, қызмет орны:
Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты «20 С.Сейфуллин атындағы мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі, мектеп педагог- психологы
Жынысы: әйел
Туған жылы: 12.02.1986 жыл
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары
Жалпы жұмыс өтілі: 13 жыл
8. Осы қызметтегі жұмыс өтілі: 4 жыл
Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Ақермен ауылында 1986 жылы 12 ақпан айында туылған. 2003 жылы №11 Әмеди Хасенов атындағы жалпы орта мектебін бітіріп, 2003-2007 жыл аралығында «Тараз» институтының «Педагогика психология» мамандығын бітіріп шықты.
2007 жылы Қазақстан Халықтар Достығы Университетінің педагогика кафедрасының оқытушысы болып қабылданды.
2012 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясына мектеп тәлімгері болып жұмысқа қабылданды.
2019 жылы №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында мектеп педагог-психологы болып тағайындалды. Қазіргі уақытта осы қызметті абыроймен атқарып келеді.
Отбасылы: Жолдасы Касанов Рауан ТОО «Петро Казакстан Ойл Продактс» компаниясында қызмет жасайды. Бір ұл, екі қызды тәрбиелеуде.
Өзінің кәсіби деңгейін үздіксіз көтеру арқылы еңбегінің нәтижесі төмендегідей:
№20 С.Сейфуллин атындағы мектеп – гимназиясында мектеп оқушыларының арасында «Ауыл ел - тірегі» тақырыбында он күндігін ұйымдастырып белсенді қатысқаны үшін марапатталды.
« Мұғалімдер күні» мерекесіне орай, білім беру саласының өсіп- өркендеуіне, жоғары биіктерден көрінуіне, дамып жетілуіне өлшеусіз үлес қосып, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу жолындағы мол абыройлы еңбегі мен игі істері үшін Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.
Адамзат тарихында тұратын ұлы мұрат міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, салихалы рухани бай және ақыл – парасаты мол, мәдени – ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алып 2021- 2022 оқу жылында оқушыларға терең білім, биік парасаттылық, саналы тәрбие бергені үшін Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің мадақтамасымен марапатталды. Ақсу 2021-2022 жыл
«Ынтымақтастық, бірлік мақсатқа жетелейді» атты аудандық психология апталығын жоғары деңгейде өткізгені үшін Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің мадақтамасымен марапатталды. Ақсу 2022-2023 жыл
«Жыл педагог - психологы» байқауының аудандық кезеңіне белсене қатысқаны және шығармашылық ізденіс танытып жүлделі II – орын иеленгені үшін Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің мадақтамасымен марапатталды. Ақсу 2022-2023 жыл
«Бұқаралық ақпарат құралдарының жастарға отбасы ұғымын қалыптасудағы әсері» атты аудандық семинарына қатысып, тренинг – сабақ өткізгені үшін Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының Сайрам ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің мадақтамасымен марапатталды. Ақсу - 2023 жыл