Конусбекова Мадина Кемельбековна » «№20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия»
Түркістан облысының білім басқармасының
Сайрам ауданы білім бөлімінің
«№20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (702) 484-00-57
Есепші бөлімі:
+7 (702) 484-00-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Конусбекова Мадина Кемельбековна
12
қаңтар
2024

Конусбекова Мадина Кемельбековна

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы

№20 С.Сейфуллин атындағы мектеп – гимназиясының

директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары,

тарих пәні мұғалімі Конусбекова Мадина Кемельбековна


 Оңтүстік Қазақстан Облысы, Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылында 1981 жылы 13 шілде айында туылған. 1998 жылы С.Т.Бреусов атындағы жалпы орта мектебін бітіріп, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік Университетінің «Тарих» факультеті, «Әлем тарихы» мамандығына түсіп, 2002 жылы тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы біліктілігін алған. 2022 жылы «Alikhan Bokeikhan University» тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистірі дәрежесін алды.  

Жалпы жұмыс өтілі 22 жыл, осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі 10  жыл. 

Еңбек жолын 2002 жылы Түлкібас ауданы «Түркібасы» лицейінде тарих пәнінің мұғалімі қызметімен бастаған. 

2003 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде «Жалпы білім беру пәндер» кафедрасында тарих пәнінің оқытушы. 

2004 жылы «Экономика негіздері» факультетінің оқу әдістеме бөлімінің инспекторы қызметін атқарған. 

2006 – 2014 жылдар аралығында Гуманитарлық агро экономикалық колледжінде тарих пәні оқытушысы, сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 

2014 жылы Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп – гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

2019 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. 

Білімі жоғары, педагогикалық өтілі 22 жыл, «педагог - зерттеуші» біліктілік санаттағы мұғалім. Еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық, облыстық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін ашып, өздігінен танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.

Педагогикалық жетістісіктері төмендегідей:

2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген іс – шарада, Сізді Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 22 жылдық меркесіне орай қатысқаны қажырлы еңбегіңіздің арқасында әріптестеріңіз бен шәкірттеріңіздің құрметіне бөленіп, жас кәсіби маман даярлауда жетістіктерге жетіп, ұстаздық ұлы жолда биік белестерге шығып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгеніңіз үшін алғыс білдірді, алғыс хатпен марапатталды. 

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының ұйымдастырумен Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істер және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін құрмет грамотасымен, Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы мектеп оқушыларының арасында өткізілген облыстық «Ясауитану» байқауын ұйымдастырып өткізудегі белсенді еңбегі үшін құрмет грамотасымен марапатталды. 

2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы облыстық оқушыларының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» атты облыстық фестивальінде шәкірттерінің жоғары деңгейде талантымен танылуда зор үлес қосып, берген сапалы білім мен саналы тәрбиесі үшін мадақтамамен марапатталды. «Ұстаз жаршысы» ақпараттық, танымдық, педагогикалық басылымға «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында, «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» тақырыбында мақаласы жарияланды. 

2019 жылдары Түркістан облысының білім басқармасы облыстық оқушылары арасында «Жастар – мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы» атты өнер фестивалінде көрсеткен сан қырлы өнері және үздік шығармашылық бастамалары үшін лауреаттық дипломмен марапатталды. Түркістан облысының білім басқармасының облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы облыстық оқушылары арасында «Жастар – мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы» атты өнер фестивалінде көрсеткен сан қырлы өнері және үздік шығармашылық бастамалары үшін лауреаттық дипломмен марапатталды, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталық ұйымдастырған «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің облыстық Тамыз кеңесінде жоғары дәрежедегі инновациялық идеяларды және тәжірибесімен бөліскені үшін мадақтамамен марапатталды, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталық ұйымдастырған «Педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу факторы» озық тәжірибелі педагогтер слеті барысындағы «Иновация және тәжірибе» мультимедиялық педагогикалық идеялар көрмесі бойынша «Жаңашыл әдістемелік көзқарас» номинациясын иеленгені үшін дипломмен марапатталды, Қазақстан педагогикалық академиясы Қазақстан Республикасында жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін «Ұлағат» төсбелгісімен марапатталды, Еліміздің білім саласының оқу үдерісіне заманауи жаңалықтарды жедел енгізуде үлкен жетістікке қол жеткізіп, кемел болашағымыз – жас ұрпақтың үлгілі өнеге, терең білім алуына қомақты үлес қосқан №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп – гимназиясы «Жылдың үздік мектебі» номинациясымен марапатталды. Қазақстан педагогикалық академиясының ұйымдастыруымен Ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістер арқасында шеберлігін, біліктілігін жоғарғы дәрежеде танытқаны, білім саласына өз үлесін қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталдым, «Алтын глобус» халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу – әдістемелік ғылыми – иновациялық академиясы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, Елбасының «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2018 – 2019 оқу жылындағы еліміздің барлық өңірлеріндегі білім, мәдениет, өнер, тәрбие, әлеуметтану, экономика саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында жарық көрген «Алтын кітап» ҚР білім, мәдениет, өнер, тәрбие, әлеуметтану, экономика, қызмет көрсету саласындағы үздік қызметкерлердің республикалық энциклопедиясына еніп, білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін, кәсіби саласында жеткен нәтижелі жетістіктері үшін құрмет грамотасымен марапатталдым, «Алтын глобус» халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу – әдістемелік ғылыми – иновациялық академиясы ҚР Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға үлесі қосу, «Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырамын» деген міндетін іске асыру мақсатында, еліміздің болашағынан үміт күттіретін дарындылардың есімдерін кітап бетінде қаллдырып, ынталандыру мақсатында 2019 – 2020 оқу жылындағы еліміздің барлық өңірлеріндегі дарынды балалардың өнер, спорт, мәдениет, білім саласындағы жетістіктерін насихаттау мақсатында жарық көрген «Егемен елдің ертеңі» тәуелсіз Қазақстандағы дарынды балалардың республикалық энциклопедиясының жарық көруіне үлес қосқаны үшін құрмет грмотасымен, алғыс хатпен марапатталды, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, Елбасының «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2018 – 2019 оқу жылындағы еліміздің барлық өңірлеріндегі білім, мәдениет, өнер, тәрбие, әлеуметтану, экономика саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында жарық көрген «Алтын кітап» ҚР білім, мәдениет, өнер, тәрбие, әлеуметтану, экономика, қызмет көрсету саласындағы үздік қызметкерлердің республикалық энциклопедиясына еніп, білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін, кәсіби саласында жеткен нәтижелі жетістіктері үшін құрмет грамотасымен марапатталды. 

        2019 жылы  Мектеп республикалық ғылыми – әдістемелік, педагогикалық журналына «Көне түркілердің діни наным – сенімдері» тақырында мақалам жарияланды.

        2020 жылы Педагог хабаршысы халықаралық ғылыми – танымдық, тәрбиелік педагогикалық журналына «Тарих сабағында оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану жолдары» тақырында жариялымға шықты. 

2020 жылдары Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істер және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін құрмет грамотасымен марапатталды, Қазақстан Республикасы КИО ұйымдастыру комитеті Қазақстандық интернет – олимпиадалар ұйымдастыру комитеті алғыс білдірді, оқушылар жетістіктері мен ұстаздардың жоғары кәсібилігінің арқасында білім мекемелерінің рейтингісі бойынша әрдайым алдыңғы орында деп алғыс хатпен марапатталды. «Педагог хабаршысы» Республикалық педагогикалық ғылыми – практикалық журналына «Тарих сабағында оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында мақаласы жарияланды. 

2021 жылы «Қазақстан жеріндегі тарихи – мәдени ескерткіштерін зерттеу» тақырыбы бойынша авторлық бағдарламасы жарыққа шықты. 

2021, 2022, 2023 жылдары «IQanat» Білім қоры» қоғамдық қорының атынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтай отырып, ауыл балаларына арналған «IQanat» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу барысында белсенділік танытқаны үшін «IQanat» Білім қоры» қоғамдық қорының алғыс хатымен марапатталған. 

2022 жылы «Педагог мамандар арасында қолданбалы ғылыми зерттеу әдістерін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Білім беру үдерісіндегі Инновациялық Технологиялардың рөлі: мүмкіндіктер мен мәселелері» І дәстүрлі халықаралық ғылыми  тәжірибелік тамыз конференциясына катысып, алғыс хатпен марапатталды.  

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив