Тунгушбаева Нуршат Асановна

1.Тегі, аты, әкесінің аты: Тунгушбаева Нуршат Асановна
2.Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Түркістан облысы,Сайрам ауданы № 20 С.Сейфуллин атындағы мектеп - гимназия директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
3.Жынысы: әйел
4.Туған жылы, күні, айы: 15.04.1975 жыл
5.Ұлты: қазақ
6.Білімі: жоғары, Аймақтық әлеуметтік – инновациялық университеті, Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі (2019 ж)
7.Жалпы жұмыс өтілі: 16 жыл
8.Саладағы жұмыс өтілі: 2 жыл 5 ай
9.Осы еңбек ұжымдағы жұмыс өтілі: 16 жыл
10.Кәсіби, жеке қасиеттерін бағалау:
Тунгушбаева Нуршат Асановна 1975 жылы 15 сәүірде Өзбекстан республикасы, Джиззақ облысы, Мырзашөл ауданы , Гагарин қаласында дүниеге келген. 1981 – 1990 жылдар аралығында Гагарин қаласындағы № 10 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінде оқыды.
2000 жылы № 1 – Ташкент педагогика колледжіне бастауыш сынып пәні мұғалімі факультетін оқып бітірді.
2010 – 2012 жылдар аралығында Шымкент әлеуметтік – педагогикалық университетінде бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі факультетін оқып бітірді.
2017 – 2019 жылдар аралығында Аймақтық әлеуметтік – педагогикалық университетін орыс тілі пәні және әдебиеті факультетін оқып бітірді.
2010 – 2016 жылдар аралығында № 83 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде бастауыш сынып пәні мұғалімі болып жұмыс атқарды.
2016 жылы 30 наурызда № 20 С.Сейфуллин атындағы мектеп – гимназиясына қосымша білім беру педагогы болып ауысты.
2021 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына ауысып, қызмет атқарып келеді.
Отбасылы, отбасында 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр. 2019 жылы «Ақ желкен» облыстық ғылыми зияткерлік лингвистикалық олимпиадасына үздік оқушы дайындағаны үшін мадақтамамен марапатталды. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы , Елбасының «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысып «Алтын кітап» ҚР білім, өнер, тәрбие, әлеуметтану, экономика, қызмет көрсету саласындағы үздік қызметкерлердің JJJ республикалық энциклопедиясына еніп, білім саласындағы дамуына қосқан үлесі үшін, кәсіби саласында жеткен нәтижелі жетістіктері үшін құрмет грамотасымен медаліна ие болған. «Келешекке кемел біліммен» тақырыбы шеңберінде өткен аудандық тамыз педагогикалық кеңесінде шығармашылық ізденіс танытып, саналы ұрпаққа сапалы білім беруде қосқан үлесі үшін мадақтамамен марапатталған. Қалалық,облыстық семинарларда үздік сабақтар өткізіп, республикалық мақала беттерінде «Тәуелсіздік белестері» мақаласы, «Тәуелсіздік тану» атты І халықаралық рухани – танымдық жобасына қатысқан.
2021 жылы «Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу – тәрбие процесінде рухани – адамгершілік тәрбиесін беру» тақырыбында өткізілген тәжірибелік облыстық семинарда озық идеясы және инновациялық тәжірибесімен бөліскені үшін Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының мадақтамасымен мадақтамамен марапатталды.
Республикалық «Үзді авторлық бағдарлама» байқауының аудандық кезеңінде білім беру мен тәрбиеленудің жаңа педагогикалық мазмұнын, технологияларын және жаңаша ұйымдастыру түрлерін ұсынғаны үшін адами әлеуетті дамыту бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.
2021 – 2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар жарысының аудандық кезеңінде үздік жобасы үшін Орыс тілі мен әдебиеті мекциясы бойынша адами әлеуетті дамыту бөлімінің ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
2022 жылы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі қол жеткізген табыстары үшін «Шапағат - педагог» білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы төрайымы Г.Тілеубердиеваның мадақтамасымен марапатталды.
2021 жылы «Использования интенсивных методов и приемов для развития орфографической зоркости у учащихся на уроках русского языка» тақырыбында авторлық бағдарламасын басып шығарған.
2022 – 2023 оқу жылында «Құндылықтарға бағытталған білім беру» тақырыбында білім саласында өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру долында құнды баяндама оқығаны үшін адами әлеуетті дамыту бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.
2022 – 2023 оқу жылында Сайрам ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен білім беру мекемелерінде өткізілген «Өзгерісті өзіңнен баста» атты эссе байқауына қабілеті жоғары оқушыны дайындағаны үшін адами әлеуетті дамыту бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.
2023 – 2024 Білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қызметі мен мол тәжірибесі үшін Түркістан облысы, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.