Калбирова Асель Кутибаевна » «№20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия»
Түркістан облысының білім басқармасының
Сайрам ауданы білім бөлімінің
«№20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (702) 484-00-57
Есепші бөлімі:
+7 (702) 484-00-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
қаңтар
2024

Калбирова Асель Кутибаевна


  1. Тегі, аты, әкесінің аты: Калбирова Асель Кутибаевна

  2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: №20 С.Сейфуллин атындағы  мектеп-гимназиясы директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары 

  3. Жынысы: әйел

  4. Туған жылы мен туған жері: 22.04.1987 ж, Сарыағаш қаласы.

  5. Ұлты: қазақ.

  6. Білімі: жоғары, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, химия пәні мұғалімі.

  7. Жалпы жұмыс өтілі: 13 жыл.

  8. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 8 жыл.

Саладағы  жұмыс өтілі:  ???жыл

Калбирова Асель Кутибаевна 1987 жылы 22 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласында туылған. 

2008 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Химия бакалавры»  мамандығы бойынша бітірген. 

2010 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәмәмдап,  «Педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алды. Химия пәні  бойынша санаты педагог-сарапшы. Еңбек жолын 2010 жылы Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Химияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасында оқытушы қызметінен бастады.  

2013-2016 жылдары ОҚМПИ «Химия» кафедрасына оқытушылық қызмет атқарды. ЖОО орындарында жұмыс жасаған жылдары 20 мақаланың авторы, 1 ғылыми жобаның зерттеуші-ассистенті қызметін атқарды. Мақалаларындағы негізгі ғылыми тақырыбы орта мектептегі түрлі заманауи әдіс-тәсілдерге негізделген, соның ішінде «Жобалар технологиясына» баса назар аударған. 2016 жылы т.ғ.к., профессор Ашировтың жетекшілігімен «Биорезонанс негізінде ауылшаруашылық өнімділігін арттыру технологиясын қолдану және жетілдіру» гранттық жоба конкурсының құрамында жұмыстар атқарды.

2016-2023 жылдары Ақсу ауылы №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында химия пәнің мұғалімі жұмысын атқарды.

2023 жылы Ақсу ауылы №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары етіп тағайындалды. 

Отбасылы: Жолдасы Балабек Нурғали Асылбекұлы теміржол қызметкері. Үш қыз, бір ұлды тәрбиелеп отыр.

Педагогикалық жетістісіктері төмендегідей:

- 2016 ж Облыстық «Әдістемелік кабинет» ұйымдастыруымен өткен «Химия, биология пәндерін оқытуда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру» атты семинарда мадақтамаммен марапатталды.

- 2016 ж Сайрам аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесі пән мұғалімдерінің аудандық олимпиадасында «Шығармашыл ұстаз» номинациясы - Мадақтама.

2018ж Сайрам аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесі Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде мектеп оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадада жүлдегер оқушы дайындағаны үшін - Мадақтама.

2019ж Түркістан облысының білім басқармасы облыстық әдістемелік орталық ұйымдастырған «Ең үздік кіріктірілген сабақ жопары» байқауында «Креативті ұстаз» номинациясы -  Диплом.

2019ж  «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС ұйымдастыруымен өткен «Мент қорлық курсы - Алғыс хат.

2019ж ҚР білім және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлердің «Алтын кітап» атты республикалық жинағына еніп, Құрмет грамотасы және «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталды.

2021ж Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі -  Мадақтама.

2022ж Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы –Алғыс хат.

2023ж Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі 7-8-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде жүлделі ІІІ орын алғаны үшін марапатталды.

2023ж Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі 8-11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында жүлдегер  оқушы І орын – Мадақтама.

2023ж «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, АҚ «Үздік пән мұғалімі» сырттай байқауында ІІ дәрежелі Диплом.

2023ж «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, АҚ – Мадақтама.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив